«КЕҢГІР СЕЛОСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Жезқазған қаласы әкімінің

 2018 жылғы «__»___________

№_____қаулысымен бекітілген

Жезқазған қаласы Кеңгір селосы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Кеңгір селосы әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) село әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

     5.Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6.Кеңгір селосы әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Жезқазған қаласының әкімдігі бекітеді.

  1. Әкім аппаратының толық атауы мен заңды мекенжайы көрсетіледі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Кеңгір селосы, Школьная көшесі, 26 үй

  1. Кеңгір селосы әкімінің аппаратын Жезқазған қаласының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  2. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

     10.Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Кеңгір селосы әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Міндеттер:

      Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

 

     

 

 

  1. Функциялар:

      1) Кеңгір селосы әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

  • жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
  • жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және село әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • село бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
  • жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және Жезқазған қалалық мәслихатына село бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
  • село бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
  • жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
  • селоның коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
  • мүлкі селоның коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, селоның меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • мүлкі Кеңгір селосының коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2) Кеңгір селосы әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

  • өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
  • шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • мүлкі Кеңгір селосының коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
  • Жезқазған қаласының әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
  • коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
  • мүлкі селоның коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
  • мүлкі селоның коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
  • мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
  • мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
  • мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
  • шарттар, келісімдер жасасуға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
  1. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, Жезқазған қаласы әкімінің және әкімдігінің, Кеңгір селосы әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
  • қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Кеңгір селосы әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

  1. Әкімнің аппаратын әкім басқарады.
  2. Әкімнің өкілеттіктері:
  • әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
  • жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
  • мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
  • селодағы тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
  • Жезқазған қаласының әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша село аумағындағы авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
  • мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында село халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
  3. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

4-тарау. Кеңгір селосы әкімі аппаратының мүлкі

  1. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

5-тарау. Кеңгір селосы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

23.Кеңгір селосы әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

Новости
Теректі станциясының тұрғындарының назарына!
16 августа 2019
«Кеңгір селосы әкім аппараты»мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 15.00 де Теректі станциясының мәдениет үйінің акт залында жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетінің хабарлаймыз. Күн тәртібінде: Теректы елді мек...
Хабарландыру
30 января 2018
2018 жылдың 08 ақпанында сағат 15.00-де, Кеңгір селосы әкімшілігінде жергілікті өзін – өзі басқару  қауымдастығы мүшелерінің жиналысы өтеді. Күн тәртібінде: Жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығының қаржысын пайдалану туралы.             ...
Хабарландыру
8 января 2018
2018 жылдың 15 қаңтарында сағат 15.00-де Кеңгір селосы әкімшілігінде жергілікті өзін – өзі басқару  қауымдастығы мүшелерінің жиналысы өтеді. Күн тәртібінде: 1.2018 жылдың бюджетін талқылау.   Әкімішілк
«KazGreenEnergy» ЖШС
29 ноября 2017
«KazGreenEnergy» ЖШС 21.12.2017ж. сағат 15-00-де Кенгір кенті, Школьная көшесі, 26, «Кенгір кенті әкімдігінің аппараты» мекен-жайы бойынша өткізілетін «Кенгір ауылдық округі, Жезқазған қаласындағы «Биоэлектростанция» ТЭН» жобасына арналған «Қоршаған ...
Недавно опубликовано
24 сентября Теректі станциясының көшелеріне атау беру туралы
Ресми құжаттар
24 сентября Теректі станциясы жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының №4 хаттамасы
Ресми құжаттарТеректі станциясының көшелеріне атау беру туралы
13 сентября Жезқазған қаласы Кеңгір селолық округінің 2019 жылға арналған даму бағдарламасы
Ақпарат
16 мая 2019-2021 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетті туралы. 2
АқпаратБюджет
3 января 2019-2021 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетті туралы
АқпаратБюджет
23 декабря Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың қаңтардың 23 мен 30 аралығында Кеңгір, Талап, Малшыбай селолары әкімдерінің тұрғындармен есеп беру кездесулері өтеді
Ақпарат
23 декабря 2018 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі. Кеңгір селосының әкімі Қ. Б. Жанпеисовтың
Әкімнің блогыӘкімінің есебі
10 декабря 2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ - 4
АқпаратБюджетАрхив
12 сентября 2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ - 3
АқпаратБюджетАрхив
6 июля 2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ - 2
АқпаратБюджетАрхив
9 февраля Кеңгір селосы әкімінің Қ.Б.Жанпеисовтың  2017 жылда  атқарылған жұмыстары туралы есебі
Әкімнің блогыӘкімінің есебі
31 января 2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ
АқпаратБюджетАрхив
20 января 2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетті туралы
АқпаратБюджет
24 июня Кеңгір селосы әкімінің аппараты ММ-нің құқықтық оқыту мектебінің 2016-2017 оқу жылына арналған оқу ЖОСПАРЫ
Ақпарат
9 апреля Кеңгір селолық округі Түйемойнақ станциясының әлеуметтік - экономикалық паспорты
Ақпарат