«КЕҢГІР СЕЛОСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Әкімнің блогы Әкімінің есебі Кеңгір селосы әкімінің Қ.Б.Жанпеисовтың  2017 жылда  атқарылған жұмыстары туралы есебі

Кеңгір селосы әкімінің Қ.Б.Жанпеисовтың  2017 жылда  атқарылған жұмыстары туралы есебі

Опубликовано: 09 февраля 2018

Назарларыңызға Кеңгір селолық округінің 2017 жылда   атқарылған жұмыстары туралы ақпаратты ұсынуға рұқсат етіңіздер

 

Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруде, әкімшілік-экономикалық  механизмдердің  алатын  орны ерекше.

Ұлт жоспары - 100 нақты қадам бес институционалдық реформаның 98 қадамын іске асыру мақсатында  мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2017 жылғы 11 шілде  №90-VI  заңы  қабылданды.

 Қазақстан Республикасының осы Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  тұрғындары саны екі мыңнан астам адамы бар  ауыл, кент, ауылдық округтеріне  4 деңгейлі бюджет - енгізілді.

Біздің мақсатымыз – мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының  жаңа түрін қалыптастыру. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді, бұл жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік береді.

Кеңгір селолық округы 2017 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізіді:

Округ бойынша статистикалық  көрсеткіштері

Тұрғындар саны:

Кеңгір селолық округінде                                                    3297 адам

Кеңгір селосы                                                                        2609 адам

оның ішінде экономикалық белсенді халық саны             1788 адам

әйелдер                                                                                   1673 адам

ерлер                                                                                       1624 адам

зейнеткерлер                                                                            366 адам

әр түрлі жәрдемақы алушылар                                                 71 адам

әскерге міндетілер саны                                                          427 адам

әскер қатарына шақырушылар саны                                      221 адам

Жалпы жер көлемі- 272 706 гектарды құрайды.

Кеңгір селосы бойынша – 554 жеке  үй  шаруашылығы,  Теректі станциясында – 72, Қорғанбай ауылында - 29, Түйемойнақ  станциясында – 29   үй тіркелген.

Округ бойынша   №2 Кеңгір орта мектебінде -350 оқушы, №6 Теректі негізгі мектебі – 60 оқушы және Қорғанбай ауылы  - 9 оқушы, Түйемойнақ станциясы – 8 оқушы бастауыш мектептерінде білім алады. Бұл білім ошақтарында  барлық  мектептерді  қосқанда  96  мұғалім  білім  береді.

 Басым бағыттарының бірі - әлеуметтік сала. Аталған сала аз қамтылған топтарды қолдау,жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады .

2017  жылы   жұмыссыздар  ретінде 27 тұрғын тіркелген, ай сайын 10 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жұмыссыздар  ретінде  тіркелген  7 тұрғын  тұрақты  жұмыстарға орналасты.

 18 жасқа дейінгі жәрдемақыны аз қамтылған – 6 отбасына тағайындалды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Теректі станциясының оқушыларын қыс және көктем мезгілдерінде мектепке дейін жеткізу үшін бюджеттен 865 мың теңге қарастырылды.

Кеңгір орта мектебінде 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап  20 балаға толық күнге 2 жастан 3 жас аралығында «Айгөлек» шағын орталығы және 3 жастан жоғары 22 балаға толық күнге «Балапан» шағын орталығы жұмыс атқарып тұр. Екі шағын орталықтарда 4 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі даярлық сыныптарында – 52 бала бар.

           Биылғы оқу жылына №2 Кеңгір орта мектебінің, Теректі станциясы, Қорғанбай  ауылының  мектебінің  жылу қазандығы ауыстырылды.

 

Бюджет.

2017 жылдың  жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы шотында жыл басына   жиналған  ақша  көлемі 1 млн 892 мың 722  теңгені  құрады. 

        Трансферттермен  қалалық  бюджетінен  бөлінген  қаржы - 5 млн 76 мың теңге, коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен қаржы көлемі – 231 997 мың теңге.

 Жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы шоттағы барлық қаржы көлемі 5 млн. 307 мың 997 теңге.

Жергілікті маңызы бар басым міндеттерін шешу үшін   2017 жылы -  2 179 282 теңге қаржы көлемі жұмсалды.

Кеңгір селосы мен Қорғанбай ауылы көшелерін жарықтандыру үшін  «Горэлектросеть» Акционерлік Қоғамымен жасалған келісім-шартына сәйкес, 468 мың теңге, электр желілерін жөндеуге бағытталды(шам айырбастау, есептегіш құралдарды айырбастау), 118 мың 683 теңгесі  игерілді. Бұл жұмысты «Жезқазған қалалық  электр  жүйесі»  Жауапкершілігі  Шектеулі  Серіктестігі  атқарды.

1 млн 405 мың 599  теңге –электр  жарығының кететін  шығының төлеуге «Казэнергоцентр»  Жауапкершілігі  Шектеулі  Серіктестігіне  аударылды.

Өткен есеп беру кездесуінде ветеринарлық пункт мамандарына қызметтік  кабинетін бөлу туралы сұрақ көтерілген болатын. Осы мәселені шешу үшін 1 млн.теңге қарастырылған. Баға  ұсыныстары әдісімен өткізілген тендер қортындысына байланысты ветеринарлық пункт мамандарының  қызметтік  кабинетін жөндеуге  655 мың теңге қаражат  жұмсалды.

          «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша село ішіндегі  жолдарды ағымдағы  жөндеуден  өткізу жұмыстарына – 2 млн 400 мың теңге қарастырылған.  «Фосстис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  тендерден жеңіп, ауыл ішіндегі жолдардың  шұңқырларын жөндеу жұмыстарын жүргізді. Үнемделген ақша қаражаты 793 мың теңге құрады.

     «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша - 2 млн. 400 мың теңге жоспарланған. Осы бағдарламаны іске асыру барысында баға  ұсыныстары әдісімен өткізілген тендер қортындысының  жеңімпазы  «Фосстис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  болып табылып, 660 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді. Қалған үнемделген қаражат  987 мың.теңгеге  мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып  «Битөре» жеке кәсіпкер жеңімпазы болды.

  Ауылдық округтерді санитарлық тазалауға  7 млн. 600 мың теңге жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып, Жезқазған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік  жолдары  бөлімі тарапынан жеңімпаздар анықталды. Кеңгір аулында санитарлық  тазалау  жұмыстарын жеке кәсіпкер "Жақанов А."  - 1 млн.600 мың теңгеге, Теректы, 60 бекет және Қорғанбай ауылдарында тазалау жұмыстарын  ЖШС "Асыл-НұрKZ"- 2 млн. 998 мың теңгеге  жүргізді.

 

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік.

 

    Округ бойынша 81 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкер бар. 68 шаруа қожалығы (83 пайызы) толық жұмыс  жұмыс істейді.

    Мал басы саны  2016 жылмен салыстырғанда

2017 ж.                                                                                2016 ж.

Ірі қара саны –3175 бас                          +135                   3040 бас

Ұсақ мал   –8407бас                                +22                     8385 бас

Жылқы -  2093 бас                                   +68                    2025 бас

Түйе – 24 бас                                            +4                          20 бас

Шошқа – 23 бас                                        +9                          14 бас

Құс – 71 бас                                               +21                        50 бас

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазан айында №372-Ү заңын іске асыру аясында, село әкімшілігі ауыл шаруашылық кооперативтерін құру жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мал  және егін шаруашылығын өркендету бағытында, 2017 жылдың 31 тамызында ауылшаруашылық кооперативі «СПК Тәуекел» құрылып, Жезқазған қалалық Әділет басқармасына тіркелді.  Құрамында 29 мүшесі бар. Оның жеті мүшесі-Талап селосының тұрғындары. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қолдауымен кооператив мүшелерінің 6 адамына, 27 млн теңгеге несие мақұлданып, берілді.  Негізгі бағыты -мал шаруашылығы.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтарындағы №30 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының» талаптарына сай 2017 жылдың 30 наурызында №21 бұйрығымен бірлескен жұмыс тобы құрылған.

 Бұл жұмыс тобының мақсаты субсидиялау бағыттары бойынша  мәліметтерді шаруашылыққа барып салыстырып тексеру болып табылады. Субсидия бағыттары үш түрде жүргізіледі: селекциялық асыл тұқымды жұмыстарын жүргізу,асыл тұқымды бұқаларды ұстау және асыл тұқымды құстар мен малдарын сатып алу.

 Кеңгір селосындағы ЖШС «Племптицеторгқа»  Орынбор қаласынан 36870 бас  құс  әкелініп, 14 млн 748 мың теңгеге субсидия берілді.

 Селекциялық асыл тұқымды жұмыстарын жүргізу, асыл тұқымды бұқаларды  ұстауға  3 млн  723 мың  теңге  субсидия  берілді.

2017  жылы «Қазақмыс» корпорациясы картоп отырғызу үшін  жерлер бөлініп,селомыздың аз қамтылған  30 отбасыларына  тегін  берілді.

 

Мәдениет

Кеңгір селосында, Теректі станциясында, Қорғанбай ауылдарында  3 мәдинет ошағы, 3 кітапхана бар. Бұл мәдиниет ошақтарында мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Кеңгір селолық  мәдиниет үйінде домбыра, би үйірмелері жұмыс атқарады.

Округ бойынша 3 кітапхана жұмыс атқарып тұр. Кеңгір селосындағы кітаханада кітап қоры – 7502, оның оқырмандар саны  – 1200 , Теректі селосында - 6665 кітап қоры,оның ішінде оқырмандар саны 320, Қорғанбай ауылында – 6900 кітап қоры,оның ішінде оқырмандар саны – 100 адам.

Әр мерекелік шаралар жоспар бойынша осы кітапханаларда өткізіледі (қарттар күні,тіл мерекесі, рәміздер күні тағы сол сияқты іс-шаралар).

Қазақстан Республикасының Діни істері жөніндегі және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Бастама жергілікті жерлерде»  шағын-грант  жобасын селомыздың тұрғыны Аманжолова Сәуле Садировна ұтып алды. Бұл жобаның мақсаты – ауылдағы талантты жастардың шығармашылығын  дамыту,  бос уақытын  сапалы  өткізу  болып  табылады.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Кеңгір селосында "Өркен-Сәуле» Қоғамдық бірлестігі тіркелді. Құрамына 20-дан астам мүшелері (ауыл тұрғындары, жастар) бар. Негізгі бағыты - "салт-дәстүрді", "өнерді" дамыту.

           Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және талдау орталығымен бірлесе, жыл басынан бері селомызда барлық тұрғындармен 2 кездесу , дәстүрлі емес дінің ұстанушыларымен 65 жеке кездесулері өткізілді.

Бұл кездесулерге облыстан келген теолог мамандардың  қатысуымен өткізілді. 2017 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Республикалық  ақпараттық  насихаттау тобының мүшесі Шохаев Сансызбай Құрбанұлы село тұрғындарымен және жеке кездесулер өткізді.

 

Денсаулық сақтау.

Ауылымызда 1 емхана филиалы орналасқан. Емханада 1 жалпы тәжірбиелік дәрігер 2 медбике. Теректі, Қорғанбай, Түйемойнақ ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пунктері  жұмыс  атқарады.  Округ бойынша емханаға 2033 тұрғын тіркелген, 1 жасқа дейінгй 52 бала , 25 жүкті әйел тіркелген.Күндізгі бөлімде күнделікті 10-12  тұрғынға қызмет көрсетеді.Тұмауға қарсы 250 вакцина жасалды. Жыл сайын жылжымалы тегін флюра көлігі ұйымдастырылады.

 

Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы.

Селода коммуналдық қызметтерді қалалық автожолдар басқармасының  учаскесі  атқарады.

          Үстіміздегі жылдың тамыз айында селомызда көптен күткен таза су қондырғысы орнатылды. «Дельфин» контейнерлік  типтес  бұл  қондырғы  селоның  (үш) орталық көшелеріне орналастырылды. Қазіргі таңда тұрғындар  таза ауыз суымен қамтамасыз етілген. Қысқы уақытта беру таза ауыз су бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

«Сәт-тазалық»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі селомызда  аптасы екі рет қоқыс шығарады.

        "Жезқазған - Сәтбаев" тас жолында тұрғындардың сұрауы бойынша қараша айында қазіргі аялдаманың қарама –қарсы жақ бетіне қоғамдық көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қосымша аялдама орнатылды.

Жазғы мезгілдерде округте дала өрті жиі болуына байланысты тұрғындар арасынан еріктілер тобы құрылған. 12 дала өрті тіркелді,бірнеше техника жұмылдырылды,жанар-жағар маймен қамтамасыз етілді.

 

Азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс

Жыл басынан бері барлығы 27 өтініш түскен,    11 жеке тұлғадан ,7 заңды тұлғадан, 3 электрондық түрде, 6 тұрғын әкімнің қабылдауында болды. Барлық өтініштер қаралып, өтініш  иелеріне уақытылы жауаптары ұсынылды.

 Халыққа кедергісіз қызмет көрсету әдісімен "Кеңгір селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Электрондық Үкімет" бұрышы құрылды, онда келушілер Порталмен жұмыс істеу туралы кеңес алуға, элекрондық цифрлық қолтаңба ,  басқа да мемлекеттік қызмет түрлерін алуға мүмкіндігі  бар .

 

2017 жылда өткізілген кездесулер

 20 шілде 2017 жылғы Қарағанды облысының Әкімдігі мамандары және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған,осыған байланысты зейнетақы қорының  мамандары  ауыл тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Жаңа Салық Кодексінің түсіндіру бойынша қалалық мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдері, Коммерциалық емес Акционерлік Қоғамы "Мемлекеттік корпорациясы "Азаматтарға арналған Үкімет" Қарағанды облысы бойынша"халыққа қызмет көрсету орталығы" филиалы қызметкерлері зейнетақы төлеудегі  өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жөнінде кездесулар өткізді .

Қыркүйек айында село тұрғындарымен қалалық Прокуратура қызметкерлері кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ашық нысан бойыша Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі «KazGreenEnergy» қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізіп, "Биоэлектростанция ТЭН" жобасын ұсынды. Осы жобаны жүзеге асыру барысында, құрылыс жұмыстарына  Кеңгір селосы тұрғындары арасынан  200-ге тарта  жұмысшылар, ал кейіннен бұл станция іске қосылып жатса шамамен 80 адам  тұрақты  жұмыс  орнымен  қамтылады.

  Жезқазған қаласы  әкімдігінің тапсырмасы бойынша ЖШС "Казгипроград" бас жоспардың жобасын әзірлеуді бастады. Бас жоспардың жобасымен егжей-тегжейлі жоспарлау үшін  Кеңгір селосы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Казгипроград» ЖШС мамандары, түрлі мекемелер мен ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді.

 "Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ақпараты бойынша  тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға кезекте тұрған  Кеңгір  ауылының  тұрғындар саны-38 адам.

 

2018 жылы атқарылатын жұмыстар

2018 жылға жоспарланған іс-шаралар іске асыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді:

  1. Кеңгір селосын орналасқан саябақты аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына - 7 млн  900 мың теңге.

2.Теректі станциясынп  көшелерді жарықтандыру бағандарын

    орнатуға -  36 млн теңге;

      3.Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша - 2 млн 400 мың

          теңге; қаражаттар қарастырылады.

  1. Ауылдық жерлерде жолдарды салу, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарға  – 2 млн. 400 мың теңге  қаражаттар қарастырылады.

 

Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу және бюджеттен бөлінетін қаржыны мақсатты пайдалану үшін, шешімдер қабылдау процесіне  тұрғындардың белсенді қатысуы қажет.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

Кеңгір селосының әкімі                                                     Қ.Жанпеисов