«КЕҢГІР СЕЛОСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ресми құжаттар Заңдар № 111-IV Заңына Түсініктеме
Опубликовано: 25 февраля 2010

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына

Түсініктеме

 

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 111-IV Заңы күшіне енді.

Заң Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 5 наурыздағы агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің републикалық кеңесінде берген тапсырмасын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпанындағы № 88 қаулысымен бекітілген 208 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығарушылық жұмыстарының Жоспарына сәйкес әзірленді.

Заң бойынша ауылдық жерлерге тұруға және жұмыс істеуі үшін баратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына келесідей әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қарастырылған:

а) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада (90  мың теңгеден астам) біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;

ә) тұрғын үй сатып алуы үшін әлеуметтік қолдау - алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіш деңгейінде (800 мың теңгеден аса) он бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие беру;

б) ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала ұйымда­рының қызметкерлеріне 25 пайыздан кем емес мөлшерде көтеріңкі лауазымдық жалақы (тарифтік ставкалар бойынша) тағайындау.

Мамандарға көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін берілетін несиенің мөлшері мен оларды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2009 жылғы 18 ақпанында №183 қаулы­сымен бекітілген ережелерге сәйкес белгіленеді, осыған сәйкес көтерме жәрдемақы төлеу 2009 жылғы 1 шілдеден бастап, тұрғын үй сатып алуы үшін несие беру 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылады.

Заңның жүзеге асырылуы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартуды және ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту, білімділігі мен мәдениетін арттыру, қала мен ауылдың арасындағы сәйкессіздікті теңестіретін мультипликативті нәтижені жақсартатын әлеуметтік сала мамандарының ауылды елді мекендерде тұрақтану мәселесін кешенді шешуге ықпал етеді.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­____________________________________________________________________________________________________

 

 

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы

 

 


 

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі бекітілсін.

2. Әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:

1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.

3. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленеді.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Масимов

_____________________________________________________________________________________________________

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 18 ақпандағы

№ 183 қаулысымен бекітілген

 

 

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет және спорт мамандарына

әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі

 

     1. Осы Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі (бұдан әрі Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі және «20092011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртібін белгілейді.

2. Ауданның жергілікті өкілді органы (мәслихат), аудан әкімі мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы шешім қабылдайды.

3. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі аудандық мәслихаттың депутаттарынан, ауданның атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі комиссия) құрады.

4. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі – жұмыс органы).

5. Аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.

6. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман жұмыс органына мынадай құжаттарды:

1) осы Ережеге 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесін;

4) тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) немесе анықтаманың көшірмесін;

5) білімі туралы дипломының көшірмесін (еңбек өтілі жоқ тұлғалар үшін);

6) салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін;

7) әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлігінің көшірмесін;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сатып алу - сату туралы алдын ала шартты ұсынады.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

Осы Ережеде көзделмеген басқа да құжаттарды беруді талап етуге жол берілмейді.

7. Жұмыс органы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде комиссияға жібереді.

8. Комиссия жұмыс органынан құжаттардың келіп түскен күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде маманға дәлелді жауап жібереді.

Осы Ереженің 6-тармағында көзделген дәйектемесіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.

9. Аудан әкімдігі комиссияның ұсынымдары келіп түскен сәттен бастап он күнтізбелік күннің ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды.

10. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде аудан әкімі, маман мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады.

11. Келісім жасалғаннан кейін:

1) жұмыс органы жеті күнтізбелік күннің ішінде көтерме жәрдемақысының сомасын 2009 жылғы 1 шілдеден бастап мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;

2) сенім білдірілген өкіл (агент) отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап маманға тұрғын үй сатып алуға кредит береді.

12. Маманның кредит бойынша міндеттемелерін орындауы ол сатып алған тұрғын үй кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

13. Бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережеcіне 1-қосымша

 

__________________ облысы

__________________ауданының әкімі_______________________

тегі, аты- жөні

____________________________

мекен-жайында тұратын

___________________________

жұмыс орны, қызметі

___________________________

өтініш берушінің тегі, аты, ___________________________

әкесінің аты

 

Өтініш

 

Сізден жасалған келісімнің (қоса беріліп отыр) мөлшерінде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуіңізді және/немесе тұрғын үйді алуға бюджеттік кредитті ресімдеуге құқық беруіңізді сұраймын.

 

_______________ ______________

күні қолы

 

 

Құжаттар қабылданды:

20_ жылғы "___" ________

 

__________ ____________________________________________________

қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

_________________________________________________________________

кесу сызығы

 

Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Дұрыс емес мәліметтер мен жасанды құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

Азамат ___________________ өтініші қоса берілген___ дана санында құжаттармен бірге 20_ жылғы "___"_______________ қабылданды.

__________ ____________________________________________________

қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

 

Ауылдық елді мекендерге жұмыс

істеу және тұру үшін келген

денсаулық сақтау, білім

беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет және спорт

мамандарына әлеуметтік қолдау

шараларын беру ережесіне

2-қосымша

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет және спорт мамандарына

әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Үлгі келісім

 

Елді мекен_____________     200___жылғы "___" ________

 

 

«_____________әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысы_______________________________________атынан, әрі қарай «Әкімші» деп аталатын, бір тараптан, әлеуметтік қөмек алушы, ______________________________________, бұдан әрі «Алушы» деп аталатын басқа тараптан және бұдан әрі «Сенім білдірілген өкіл (агент)»_____________________________________, үшінші тараптан, төмендегілер туралы осы өзара бірлескен міндеттемелер Келісімін жасасты:

 

1.Келісімнің мәні

 

Тараптар, өзара жауапкершілікті және келісімді ескере отырып, еш қайсысының тарапынан мәжбүр етілмей, тараптар өздеріне толық көлемде орындалуы тиісті міндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:

1. Әкімші, _____________________________________мәслихатының (200___жылғы "___"_______№______) шешімінің негізінде өзіне мынадай түрдегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға міндеттемелер қабылдайды:

1)______________________теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы;

2)____жыл мерзімге__________________________________________ ____________________________теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит.

2. Алушы өзіне жоғарыда көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде______________елді мекенінде орналасқан ______________________ (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт) ұйымында кемінде бес жыл уақыт қызмет істеуге міндеттеме қабылдайды.

3. Сенім білдірілген өкіл (агент) өзіне шарт тапсырма негізінде Әкімшінің атынан және есебінен және оның нұсқамаларына

«Келісемін»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрі

________________А. Күрішбаев

«___»___________________2009 жыл

 

«Бекітемін»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрі

__________________ М. Құл-Мұхаммед

«___»___________________2009 жыл

 

«Келісемін»

«Қазақстан ауыл жастарының Одағы»

ҚҰ Төрағасы

________________­ Е. Глотов

«___»___________________­­_2009 год

 

«Келісемін»

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы

______________________Н. Өтешев

«___»___________________2009 жыл

 

 

«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру барысын

ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарының Жоспары

(іске асыру мерзімі: 2009 жылғы қыркүйек – 2010 жылғы қыркүйек)

 

Осы Жоспар «Дипломмен ауылға» жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асыру барысына арналған методикалық құжаттарды әзірлеу мен тарату, көрнекі насихаттау құралдарын әзірлеу, айдарларды ашу, кең көлемде жарияланымдарды, видео- және аудиокөріністерді, ақпараттық хабарламаларды, баяндамаларды, сұхбаттарды, түсініктермелер мен пікірлерді шығаруды қарастырады.

 

Іс-шаралардың атауы,

тақырыбы

Аяқталу түрі /

Коммуникативті

канал

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Ұйымдастыру жұмыстары

1.         

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 111-IV Заңы (бұдан әрі - Заң) мен Жобаның негізгі бағыттарыны бойынша және іске асырылуы туралы БАҚ-да жариялау үшін ішкі және сыртқы спикерлердің тізімін құрастыру

Жарияланымдардың тақырыбын бекітумен спикерлердің тізімі. тоқсан сайын жаңарту

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап, әрі қарай тұрақты

ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, ҚСА, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

2.         

БАҚ-на келесі мәселелер бойынша:

-    ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау және ынталандыру;

-    жас мамандардың ауылды жерлерге қайтуын ынталандыру

сұрақтарына қатысты «анықтамалық» және «топтық» құжаттарды әзірлеу арқылы әдістемелік көмек көрсету

Ақпараттық-топтық құжаттар

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап, әрі қарай тұрақты

ҚР АШМ (жинақтау), «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, ҚСА, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, МАМ (тарату)

3.         

ҚР Заңы мен «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылу барысы туралы «Оқиғалар қатарын» құрастыру және тұрақты жаңарту

Мемлекеттік органдар өткізетін іс-шаралардың тізбесі

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап, әрі қарай тұрақты

ҚР МАМ, ҚР АШМ (жинақтау), «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, МАМ (тарату)

4.         

ҚР Заңы мен Жобаны насихаттау бойынша ақпараттық құжаттарды жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ақпараттық тақталары мен баспасөз беттерінде орналастыру

Ақпараттық тақталар мен көптиражды баспасөз беттерінде жарияланымдар

2009 жылғы қыркүйек-қазан

«Жас Отан» ЖҚ, ҚСА, «ҚАЖО» ҚҰ, аймақтық штабтар, ЖОО және АООО

5.         

Мүдделі мемлекеттік органдардың ресми веб-сайттарында «Дипломмен ауылға» арнайы рубрикасын ашуды ұйымдастыру

«Жас Отан» ЖҚ, АШМ, МАМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, ТСМ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап, әрі қарай тұрақты

«Жас Отан» ЖҚ, АШМ, МАМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, ТСМ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

6.         

ҚР Заңы мен жобаны іске асыру сұрақтары бойынша облыс орталықтарында, қалалар мен ауылдық елді мекендерде (жол қиылыстары, көшелер, университеттер, мектептер, колледждер, бала бақшалары, мемлекеттік ұйымдар, банктер, аялдамалар) жергілікті бюджеттердегі мемлекеттік тапсырыс есебінен билбордтарды, баннерлерді, плакаттарды шығару және орналастыру

Әр аймақта 5-тен кем емес билбордтар, 4 баннер, 30 плакаттар орналастыру

2009 жылдың желтоқсан айына дейін әзірлеу;

2010 жылдың қаңтарына дейін орналастыру

ҚР АШМ (жинақтау), «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының, әкімдері (әзірлеу және орналастыру)

(эскиздерді әзірлеу, шығару және орнату)

7.         

Ақпараттық-насихаттық топтар үшін ҚР Заңының ережелері және жобаның мақсаты туралы методикалық әдістемені әзірлеу, шығару және таратуды ұйымдастыру

Методикалық әдістеме

2009 ж. 20 қазанына дейін әзірлеу;

2009 ж. 20 желтоқсанынан бастап АНТ арасында тарату

ҚР АШМ (жинақтау), «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

Ақпараттық жұмыстар

8.         

Республикалық және аймақтық БАҚ-да Жобаның бірыңғай логотипімен арнайы тақырыптық айдарлар ашуды ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық, аймақтық БАҚ-ы, Казинформ

2009 жылғы 20 қыркүйекке дейін

 

ҚР МАМ, ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

9.         

Жобаны іске асыру барысы туралы жарияланымдарды, қайталанбалы теле- радиохабарларды (жаңалықтар, талдаулар, интерактивті хабарлар), ақпараттық хабарламаларды, мақалаларды, сұхбаттарды, үн қатуларды шығаруды қамтамасыз ету

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық, аймақтық БАҚ-ы

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап, әрі қарай тұрақты

ҚР МАМ, ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

10.      

«Ауылдағы кадр әлеуетін құрастыру» тақырыбына «Аймақтар мен билік» бағдарламасын шығаруды ұйымдастыру

«Хабар»

2009 жылғы қыркүйек айы

ҚР МАМ, ҚР АШМ

11.      

Ауылдық жерлердегі әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту туралы жарияланымдар шығаруды ұйымдастыру

«Аграрлы Қазақстан», «Агрожаршы», «Альянс kz», «Президент және халық», «Город», «Алаш»; мемлекеттік тапсырысты орындайтын аймақтық БАҚ-ы

Тоқсанына 1 рет

ҚР МАМ, ҚР АШМ, ҚР БҒМ, ҚР ЕХӘҚМ, «ҚАЖО» ҚҰ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

12.      

ҚР Заңы мен жобаны іске асыру сұрақтары бойынша жастар үшін тақырыптық бағдарламалардың қатарын шығаруды ұйымдастыру

«Ел арна»

20 қыркүйектен бастап, әрі қарай тоқсанына 2 рет

ҚР МАМ, ҚР АШМ, ҚР БҒМ, ҚР ЕХӘҚМ, «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ

13.      

«Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, ҚСА жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің ҚР Заңының ережелерін түсіндіру және жобаның іске асырылу барысы туралы телебағдарламаларға, дебаттарға қатысуын ұйымдастыру

«Хабар», «Ел арна»

2009 жылғы қыркүйек-қазан

2010 ж. наурыз

ҚР АШМ, ҚР МАМ, «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, ҚСА

14.      

ҚР Заңын іске асыру тураы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты М. Айсинаның сұхбатын шығаруды ұйымдастыру

«Егемен Қазақстан»

2009 жылғы қазан

 

ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ,

15.      

Ауылдағы кадр әлеуетін құрастыру туралы ҚР АШМ вице-министрінің қатысуымен «Бетпе-Бет» бғдарламасын шығаруды ұйымдастыру

«Хабар»

2009 жылғы қазан

 

ҚР АШМ, ҚР МАМ,

16.      

Жоба шеңберінде жас мамандарға берілетін жеңілдіктер мен қолдау шаралары туралы жарияланымдарды шығаруды ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық, аймақтық БАҚ-ы

2009 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қыркүйек айы аралығында

 

ҚР МАМ, ҚР АШМ, ҚР БҒМ, ҚР ЕХӘҚМ, «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

17.      

ҚР Заңын іске асыру сұрақтары бойынша облыстық, аудандық, қалалық, кенттердің әкімдіктері мамандарының сұхбаттарын, мақалаларын жариялауды ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын Аймақтық БАҚ-ы

2009 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қыркүйек айы аралығында

 

Облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

18.      

Ауылдың беделін арттыру және ауылдың еңбек ресурстарының тиімді еңбек қабілеттілігін жандандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мақалалар шығаруды ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық және аймақтық БАҚ-ы

2009 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қыркүйек айы аралығында

 

ҚР МАМ, ҚР АШМ, ҚР БҒМ, ҚР ЕХӘҚМ, «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

19.      

Жас мамандардың ауылдық жерлерге баруына кедергі болатын мәселелер және оларды шешу жолдары туралы «Таразы» бағдарламасын шығаруды ұйымдастыру

«Хабар»

2009 жылдың соңына дейін

ҚР МАМ, ҚР АШМ, ҚР БҒМ, ҚР ЕХӘҚМ, «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ

20.      

ҚР Заңын іске асыру барысы туралы ААІК төрағасы С. Тұңғышбековтың сұхбатын ұйымдастыру

«Егемен Қазақстан», «Экпресс-К»

2009 жылғы қазан,

2010 жылғы сәуір

ААІК, ҚР АШМ, ҚР МАМ

21.      

Мектептердің, ЖОО, АООО оқушыларының арасында жас мамандардың ауылға баруына қызығушылық тудыру және қолдау бойынша өткізіліп жатқан насихаттау-ақпараттандыру кампаниялары туралы жарияланымдарды шығаруды ұйымдастыру

«Астана қ. теледидары», «СТВ», «Хабар», «Казахстан», радио «Хабар», «Шалқар», «Қазақ радиосы», «Астана», «Айқын», «Литер», «Город», «Алаш айнасы», «Страна и мир», «Дала мен қала»; мемлекеттік тапсырысты орындайтын аймақтық БАҚ-ы

2009 жылғы қазан, 2010 жылғы мамыр

«Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

22.      

ҚР АШМ ААІК қызметкерлерінің Заңның негізгі ержелерін түсіндіру бойынша жарияланымдарын шығаруды ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық және аймақтық БАҚ-ы

2009 жылғы қазан айынан 2010 жылғы тамыз айы аралығында

ҚР АШМ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҚР МАМ (орналастыру)

23.      

Жастар үшін ҚР Заңының ережелері туралы мақалалардың қатарын жариялауды ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық және аймақтық БАҚ-ы

15 қарашадан бастап, әрі қарай тоқсанына 1 рет

ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ- мақалаларды әзірлеу, ҚР МАМ-орналастыру

24.      

Ауылдық елді мекендерге әлеуметтік сала мамандарын тарту туралы ААІК төрағасы С. Тұңғышбековтың мақаласын шығаруды ұйымдастыру

«Ел»

2009 жылғы қараша айы

ҚР АШМ, ҚР МАМ

25.      

Ауылдағы кадр әлеуетін құрастырудың жаңа жолдары туралы ҚР АШМ ААІК төрағасының орынбасыры М. Трошихиннің мақаласын шығаруды ұйымдастыру

«Республика kz»

2009 жылғы қараша айы

ҚР АШМ, ҚР МАМ

26.      

ҚР Заңын іске асыру туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б. Сыздықованың сұхбатын шығаруды ұйымдастыру

«Айқын»

2009 жылғы қараша айы

ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ

27.      

Жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың тәртібі туралы мақалалардың қатарын шығаруды ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық БАҚ-ы

2009 жылғы желтоқсан айына дейін

«Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ, ҚР АШМ,

28.      

Заңның іске асырылу барысы туралы ААІК төрағасы С. Тұңғышбековтың қатысуымен «Сіз бен біз» бағдарламасын шығаруды ұйымдастыру

«Казахстан»

2009 жылғы желтоқсан айы

ҚР МАМ, ҚР АШМ

29.      

ҚР Заңы мен Жобаны іске асыру бойынша қорытынды ақпараттық-талдау бағдарламаларында хабарларды шығаруды ұйымдастыру

Хабар» («Жеті күн»), «Қазақстан» («Апта. kz»), «СТВ» («Панормама недели»), «Астаны қ. теледидары» («Түйін сөз»), «31 канал» («Информбюро»), «Эра ТВ» («Другими словами», «Нысана»)

2009 жылғы желтоқсан айы

ҚР МАМ, ҚР АШМ, ҚР БҒМ, ҚР ЕХӘҚМ, «Жас Отан» ЖҚ, «ҚАЖО» ҚҰ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

30.      

ҚР АШМ ААІК төрағасының орынбасыры М. Трошихиннің қатысуымен ауылдағы ауылшаруашылығы өндірісінің және әлеуметтік саласындағы жауапты бөлімдерінде білікті мамандардың тұрақтанбауын төмендету және ынталандыру шаралары туралы «Көзқарас» бағдарламасын шығаруды ұйымдастыру

«Хабар»

 

ҚР АШМ, ҚР МАМ

31.      

 

 

«Жас Отан» ЖҚ Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Б. Нарымбетовтың қатысуымен Жобаны іске асыру барысы туралы «Көзқарас» бағдарламасын шығаруды ұйымдастыру

«СТВ»

 

2010 жылғы қаңтар

«Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ

32.      

Жобаны іске асыру барысы және қол жеткізген нәтижелер туралы «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Н. Өтешевпен сұхбатты шығаруды ұйымдастыру

«Казахстанская правда»

2010 жылғы қаңтар

ҚР МАМ, «Жас Отан» ЖҚ

33.      

Жобаны іске асыру барысындағы үкіметтік емес ұйымдардың ролі туралы «ҚАЖО» ҚҰ төрағасы Е. Глотовпен сұхбатты шығаруды ұйымдастыру

«Казинформ»

2010 жылғы

ақпан

«ҚАЖО» ҚҰ, ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ

34.      

Ауылдағы жас мамандарды қолдау туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты М. Абеновтың сұхбатын шығаруды ұйымдастыру

«Дала мен қала»

2010 жылғы

мамыр

ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ

35.      

Жобаны іске асыру туралы «Нұр Отан» ХДП және «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшылығы қызметкерлерінің мақалаларын шығаруды ұйымдастыру

«Дала мен қала», «Страна и мир», «Айқын», «Литер»

2010 жылғы тамыз айына дейін

 

«Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ

36.      

Жоба бойынша «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдарының атқарушы хатшыларының қатысуымен тақырыптық бағдарламалар-ды шығаруды ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын аймақтық БАҚ-ы

2010 жылғы тамыз айына дейін

 

«Жас Отан» ЖҚ, облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

37.      

Жобаны іске асыру туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ш. Өтемісовтың мақаласын шығаруды ұйымдастыру

«Литер»

2010 жылғы тамыз

ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ, ҚР МАМ

Арнайы жобалар

38.      

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша түсініктеме аудио- және бейнероликтерді шығаруды және көрсетілімін ұйымдастыру

«Казахстан»,

«СТВ», «Хабар», «Ел-Арна»

2010 жылғы 10 тамызға дейін

ҚР МАМ, ҚР АШМ, «Жас Отан» ЖҚ

39.      

Жоба туралы деректі фильмді шығаруды ұйымдастыру

-

2010 жылғы қыркүйек

«Жас Отан» ЖҚ

40.      

Жоба туралы деректі фильмнің көрсетілімін ұйымдастыру

«Хабар»

2010 жылғы қыркүйек

ҚР МАМ, «Жас Отан» ЖҚ

 

Ескерту: аббревиатураларды талдау:

ҚР МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;

ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

ҚР ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулқ сақтау министрлігі;

ҚР ТСМ - Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі;

«Жас Отан» ЖҚ - «Жас Отан» Жастар Қанаты

«ҚАЖО» ҚҰ – «Қазақстанның ауыл жастары одағы» Қоғамдық Ұйымы;

ҚСА – Қазақстанның Студенттер Альянсы