«КЕҢГІР СЕЛОСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттiк мекемесi Кеңгір с. әкімі С.Ғабдулуахитовтың кеңейтілген аппарат мәжілісіндегі2010ж. және 2011ж. жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есебі
Опубликовано: 30 июня 2011
Кеңгір селосының  әкімі С.Ғабдулуахитовтың кеңейтілген аппарат мәжілісіндегі 2010 жылы және  2011 жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есебі
 
   Село әкімі «Кеңгір селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз жұмысын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, жоғарғы деңгейдегі атқарушы органдардың шешімдері мен нұсқауларына сәйкес жүргізіп келеді.
Кеңгір селолық округіне қарасты, Қорғанбай ауылы, Теректі, Түйемойнақ стансалары, 7 теміржол бекеттері, 12 қыстақ қарайды. Оларда 815 отбасы түтін түтетіп, 3627 адам тұрып жатыр. Ауыл тұрғындары Жезқазған, Сатбаев қалаларындағы тау-кен өндірісі кәсіпорындарында , теміржол саласында, бюджеттік мекемелерде, шағын орта бизнес нысандарында еңбек етеді.
Село әкімі оның аппараты ауыл экономикасының негізін құраушы шаруа қожалықтарын құру мен дамытуға, ауылдағы кәсіпкерлікті ынталандыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күні селолық округте 69 шаруа қожалығы тіркелген, олардың саны 2009 жылмен салыстырғнда 5 шаруашылыққа артты.
Ауылымыздағы мал басының жағдайына келетін болсақ, 3377 бас ірі қара мал, 10086 бас ұсақ мал, 917 бас жылқы, 98 бас шошқа 40 бас түйе, 715 құс бар.
Кейінгі жылдарда орын алған дағдарысқа, қуаншылыққа қарамастан мал басы азайған жоқ, керісініше біршама өсу байқалады.
Қазіргі уақытта ірі қара малын бірдейлендіру, оларға құжаттар толтыру, компьютерлік базаға енгізу жұмыстары белсенді жүргізілуде, бұл жұмыстар бүгінгі күні 2 пайыз шамасында орындалды.Сонымен қатар жұқпалы ауруларға қарсы егіп-емдеу , оларды анықтау мақсатында қан алынып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Селода 6 дүкен, 6 дүңгіршек, 1 наубайхана орналасып жұмыс істейді,21 кәсіпкер тіркелген.
Біз өз жұмысымызда әлеуметтік сала инфрақұрылымын дамытуды басты міндеттеріміздің бірі деп есептейміз.
Селолық округте 2 орта мектеп (№6 Теректі ,№2 Кеңгір және 1 негізгі мектеп (№12 Қорғанбай) және 1 бастауыш мектеп (Түйемойнақ) ораналасқан.
Кеңгір селосыныда 299, Теректі ауылында 96, Қорғанбай , Түйемойнақ елді мекендерінде 22 оқушы білім алуда. Оларға96 ұстаз дәріс береді.
Білім беру мектептерінің материалдық-техниакалық базасын нығайтуға тұрақты көңіл бөлінуде.
2008-2010 жылдары «Жол картасы» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы №2 Кеңгір орта мектебіне 22 миллион теңге қаржы бөлініп, жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізіліп,барлық есік-терезелері айырбасталды, жасанды жасыл жамылғы төселіп, қоршаған футбол алаңы пайдалануға берілді.Мұның сыртында жергілікті бюджеттен бөлінген 3 миллион теңгеге спорт залы жөндеуден өткізіліп, 1 миллион теңгеге жиһаздар, құрал-жабдықтар алынды.
Теректі орта мектебінде 5 миллион 325 мың, Қорғанбай мектебінде 162 мың қаржы игеріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл мектептері түгелдей дерлік комьютерлендірілген,олар мүмкіндігінше интернет жүйесіне қосылған.
Білім мекемелері қыстық отынмен толық көлемде қамтамасыз етілді, өткен жылу беру маусымындағы температуралық режим санитарлық талапқа сай болды.
Мектептерде 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілген, асханалар тұрмыстық техникамен, ыдыс-аяқтармен жергілікті дәрежеде жабдықталған.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселеіне келетін болсақ, №2 орта мектебінің базасында 20 орындық шағын орталық жұмыс істейді,бұл әрине жеткіліксіз.
Қазіргі таңда селодағы 6 жасқа дейінгі балалалар саны 250-ге жуық, сондықтан елді мекендерде жаңадан бала-бақша салу, шағын орталықтар жүйесін кеңейту өзекті мәселелердің қатарында қалып отыр.
Селолық округкке бүгінгі  таңда 3 селолық клуб, 3 кітапхана-филиал тұрғындарға қызмет көрсетуде.
2008-2009 жылдары ауыл клубтарын, кітапханаларды жөндеуге «Жол картасы» шеңберінде 25 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Теректі, Қорғанбай, Кеңгір елді мекендеріндегі мәдениет ошақтары, кітапханалар жаңа, сәнді түр-сипатқа ие болды.
Селолық округкте тұрғындарға медициналық қыхмет көрсету біршама жолға қойылған. Кеңгір селосында отбасылық амбулатория,Теректі,Түйемойнақ,Қорғанбайауылдарындафельдшерлік пунктер жұмыс істеп тұр.
Селолық   окрутегі елді мекендер негізінен телефон байланысымен қамтамасыз етілген, олар қалада орналасқан абонеттерге тікелей, тегін телефон шалу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Бұл тұрғыда Түйемойнақ станциясында телефон байланысы тұрғындардың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай келеді, себебі телефон жүйесі теміржол саласы арқылы құрылып, ведомствалық шеңберде қалып отыр.
Дегенмен наурыз айында елді мекенде «Қазақтелеком» АҚ қарасты сөйлесу пункті ашылды, сондай-ақ ауыл мектебіне телефон нүктесі қойылды.Түйемойнақ ауылының сұрақтары бойынша қала әкімінің орынбасары Б.М.Аханаовтың басшылығымен тұрғындармен кездесу өтті, телефон байланысымен қоса, ауыз сумен қамтамасыз ету, аялдама салу, медициналық қызметтті жақсарту т.б мәселелер бойынша шаралар қолданып, оң өзгерістер жасалынды.
Селолық округ орталығы Кеңгір селосында «Қазпошта»бөлімшесі жұмыс істейді. Мұнда тұрғындарға поштаның негізгі жұмысы сыртында зейнетақы, жәрдемақы алуға мүмкіндік жасалған, сонымен қатар салық түрлерін, банкілік несие төлемдерін төлеуге борлады.
«Кеңгір селосы әкімінің аапаратыә ММ –де тұрғындарға нотариалдық шараларды рәсімдеу, азаматтық хал-актілерін тіркеу жөніндегі қызмет көрсету жүзеге асырылады, бұл жұмыс арнайы даярлықтан өткен мекеме маманына жүктелген.
Село әкімі мен оның аппараты өз өкілеттіктеріне сәйкес тұрғындарды әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруға, яғни, аз қамтылған отбасылары анықтап, олардың есебін жүргізуге, оларды қолдауға көңіл бөледі.
Селода 466 зейнеткер, 121 мүгедек бар, 57 отбасы асыраушысынан айрылушы,203 –ге жуық тұрғын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрлеріналады.
Өткен жылы 30 жуық жұмыссыз азамат қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтеік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.Биылғы жылы мұндай азаматтарды саны жыл басынан бері 8 адам болып отыр. Жұмыссыздар саны – 38 адам.
 Селолық округкке 12 шақырымға жуық елдімекендер ішіндегі, 34 шақырым жергілікті маңызы бар (Жезқазған-Сатбаев) автомобиль жолдары бар. Өкінішке орай өткен жылы жолдарды жөндеуге ,күтіп-ұстауға қаржы бөлінбеді.
Биылғы жылы жолдарды күтіп-ұстауға 1 миллион теге бөлініп, тиісті мақсатқа жұмсалуда. Ал жолдарды жөндеу,асфальт төсеу шараларын жүргізу жөнінде тиісті зерттеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп ұсыныстар берілді.
Елді мекендерді аббатандыру, арықтандыру,көгалдандыру және санитарлық тазалау- жергілікті билік органдарының басты міндеттерінің бірі.
Өткен жылы селодағы құрылыс қалдықтарын шығару, санитарлық тазалау шараларына 2,5 миллион теңге қаралып, игерілді, 9000 тоннаға жуық қоқыс алынды.
Бұл жұмыс биылғы жылы да жалғастырылады, атап айту қажет ,селода бүгінгі күні 20 құлаған ғимарат бар, 20 мың куб метр құрылыс қоқыстарын тазалау қажет.Бұл мақсатқа әзірге 2 миллион теңге қаржы бөлінді, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу шаралары әзірленуде, бірінші жартыжылдық қортындысымен бұл жұмыстарға қосымша қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жасалынды.
Биылғы жылы тұрғындардың көптен күткен Жезқазған-сатбаев автожаолынан басталатын Әуезов көшесін жарықтандыру мәселесі шешілмекші, қажетті қаржы «Тұрғын үй коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары»ММ-не бөлінді.
Селолық округтегі ауыз су мәселесін шешуге біршама жұмыстар жүргізілуде.Биыл сумен жабдықтау нысандары ауыл әкімшілігінің иелігіне беріліп, оларды күтіп- ұстауға, падалануға 13 миллион теңге қаржы қарастырылды. Конкурс нәтижесінде мердігер кәсіпорын анықталып бүгінде өз жұмыстарын жүргізуде.
Мұның сыртында Қорғанбай елді мекеніндегі су құбырларын жөндеуге 6 миллион теңге қаржы бөлніп, мемлекеттік сатып алу шаралары өткізілді. Өкінішке орай алғашқы жеңімпаз мердігерлік кәсіпорын өзініңі шарттық міндеттерін орындамауына байланысты онымен шарт бұзылып,екінші кәсіпорынмен шарт жасалынып, жұмыс басталды.
Үстіміздегі жылы селомызда жаңа нысандарын спорттық кешен салу жоспарлануда, тиісті 21 миллион қаржы «Қалалық оқу бөлімі» ММ-не бөлінуде.Ауыл тұрғындары, әсіресе жастар бұл жұмыстың тезірек жүзеге асуын тағатсыздана күтуде.
Биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі селода орналасқан құс фабрикасының қайта іске қосылуы болмақ.
3 миллиард теңге қаржы жұмсалатын бұл кәсіпорын жылына 9 мың тонна бройлер етін өндіріп, 350 жұмыс орнын қамтамасыз, етпекші. Бүгінгі күні нысанда 75 адам жұмыс жасауда, 20 миллионға жуық инвестиция игерілді.
Әрине жоспарланған жұмыстар жүзеге асатын болса, село тұрғындарын жұмыспен қамтуға ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге ықпал етері сөзсіз.
Биылғы жылдың бір ерекшелігі қала әкімінің ұсыныс-қолдауына байланысты село әкімдерінің,олардың аппараттарының дербестігін, жауапкершілігін арттыруға нақты қадамдардың жалалынғаны деп білеміз.
Ауыл әкімінің, оның аппаратының Заңдарда қаралған міндеттерін жүзеге асыруға, яғни, тиісті бағдарламаларды жүргізуге тиісті, қаражаттар бөлініп, өздеріне берілді, мұның өзі жұмысты нақты әрі шұғыл ұйымдастыруға, халықпен тығыз байланыс орнатуға ауыл әкімдерінің беделін көтеруге әсер ететіндігі сөзсіз. Әрине, жекелеген бағдарламалар бойынша қаржы тапшылығы бар, дегенмен бұл бірінші жыл, алғашқы қадам, келешекте бұл бағыттың нығайа беретіндігіне сенім мол.