Государственное учреждение "Аппарат акима села Кенгир"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Блог акима Отчеты , доклады и выступления акима 2014
Опубликовано: 25 мая 2010

 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан жолы -2050  бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ қазақстан халқына Жолдауына сәйкес селолық округінің даму бағдарламасы және болашағы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауы  «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды. Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!  Біз үшін  ортақ  тағдыр – бұл  біздің  Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік  Ел – жалпы  қазақстандық ортақ  шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Біз  өзгенің  қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік  Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
«Қазақстан-2050» – Мәңгілік  Елге  бастайтын  ең  абыройлы, ең мәртебелі жол.
 Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осығанбарлық жағдайды жасау.
           Осы жолдауға сәйкес Кеңгір селолық округтерде де бірқатар істер атқырылып жатқаныны айта кету керек.
Селолық  округке  Кеңгір, Теректі, Қорғанбай  және Түйемойнақ елді мекендерді,  7 теміржол бекеттері мен 12 қыстақ қарайды.  
Село әкімі, оның аппараты  ауыл экономикасының негізін  құраушы шаруа қожалықтарын құру мен дамытуға, ауылдағы кәсіпкерлікті ынталандыруға  ерекше  көңіл бөледі.
Бүгінгі  күні  оларда  748 отбасы түтін түтетіп,  3411 адам тұрып жатыр.
 
Кеңгір селолық округі бойынша халық саны туралы деректер
 
Жас аралығы
01.01.2013ж
01.01.2014ж
1
Барлығы
3550
3411
2
18 жасқа дейін
823
801
3
18 жас пен 63 жас аралығы
оның ішінде:
18 жас пен 29 жас аралығы
2146
751
2055
733
4
Зейнеткерлер
466
435
5
Экономикалық белсеңді бөлігі
оның ішінде:
ер адам
әйел адам
1967
1019
948
1900
988
912
 Ауыл  тұрғындары  Жезқазған, Сатпаев  қаларындағы тау-кен өндірісі  кәсіпорындарында, бюджеттік  мекемелерде, шағын және орта бизнес нысандарында еңбек етеді.
 

Шару қожалықтарын құру және дамыту

 

72 шаруа қожалығының 43 қожалығы мал өсурімен айналысады.
 
      Жолдаудың айтылғындай  «Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз»
Осындай қолдау округкке қарасты шаруа қожалықтарынына, жұмыссыз азаматтарына оң нәтижесін берді.
      «Жұмыспен қамту  -2020» бағдарламысының мүмкіндіктерін толық пайдалануға мән берілді. Қалалақы жұмыспен қамту орталығының мамандарының қатысуымен елді мекендерде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 10 тұрғын  бағдарламаның екінші бағыты бойынша өз ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге тілек білдіріп жеңілдетілген несие алу өтініштерін тапсырды. Өтінішітері қолдау тауып барлығы 20700000 мың теңге нисие берілді.

 
 
Кеңгір селолық округі бойынша мал басы туралы деректер
 
2485 бас ірі қара мал, 7955 бас қой-ешкі, 1530 бас жылқы, 22 бас шошқа  бар.
 
Селоны аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстары әкімшілікте бақылау тұрған сұрақтардың бірі. Осыған байланысты селода біршама жұмыстар атқарылды.
Кеңгір селолық округі бойынша
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ
жұмыссыз ретінде тіркелгендер  туралы деректер

1. Жұмыссыз ретінде тіркелгендер  саны - 47 адам
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысқандар саны - 27 адам

3.Қайта даярлау курстарынан өткендер саны - 6 адам

 

Селода саябақ ашу жоспарлануда, қазіргі таңда саябақ орны қоршалып, балалар алаңы орнатылды. 
 
 
Болашақтағы саябақ осындай болуы мүмкін.
 
 
 
Болашақтағы балалар алаңы 
 
 
Селода орналасқан бұрынғы балабақша ғимаратын қайта жөндеуден өткізіліп, селолық клуб ашылды.
 
 
 
Клуб  ғимаратында  селолық  кітапхана  орналсқан, бұндағы кітап  қоры 6017 дана, кітап қорлары әрдайым жаңартылып,толықтырылып отырылады. Болашақта  әр түрлі  үйірмелер  ашу  жоспарланып  отыр.
 
 
 
Бұл клуб қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің иелігіне беріліп, күрделі жөндеуге шамамен 47 миллион теңге бөлінді.
Селолық  округте  2 орта  мектеп (№6 Теректі, №2 Кеңгір  және 1 негізгі мектеп (№12 Қорғанбай)  және 1 бастауыш мектеп (Түйемойнақ) орналасқан.
Кеңгір  селосыныда - 284, Теректі ауылында -62, Қорғанбай, Түйемойнақ елді мекендерінде - 22 оқушы білім алуда. Оларға 87 ұстаз дәріс берсе, олардың – 6 жоғарғы санатты, ал - 25   бірінші санаттағы мұғалімдер.
 
Кеңгір селолық округіндегі жалпы орта білім беру жүйесі туралы деректер
Елді мекен       атауы
Білім беру мекемесі
Оқушылар саны
Мұғалімдер саны
      Оның ішінде
Жоғарғы санатты
1-ші
санатты
Кеңгір
№2 орта мектебі
284
50
1
15
Теректі
№ 6 негізгі мектебі
62
22
2
4
Қорғанбай
№12 бастауыш мектепфилиалы
9
4
1
1
Түйемойнақ
№ 133 Бастауыш мектеп
8
3
1
 
           Округке қарасты барлық мектептерде  ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Округ көлемінде  4 мектеп, бұл білім ошақтарында  барлығы 364 оқушы  білім алуда, 3 мектепте мемлекеттік тілде оқытылады.
Түйемойнақ  станциясындағы мектептен басқа барлық мектептер телефон байланысы бар,  Интернет  жүйесіне  қосылған.
№2 орта мектебінде 20 орындық шағын орталық жұмыс жасап тұр және 20 орындық  балабақша үстіміздегі  жылдың  қараша айында  ашылып, жұмыс істеп тұр. Бұл орталық та, балабақшаны да  ыстық тамақпен жеке кәсіпкер «Нұрбалаева А.Б.» қамтамасыз етіп отыр.
1 тамызбен 1 қыркүйек аралығындареспубликалық «Мектепке жол» акциясына  өтуіне орай  әкімшілік  қызметкерлері   «Үміт» балалар үйінің балаларына көмек  көрсетілді.
Кеңгір селолық округі бойынша тіркелген
 ЖШС және жеке кәсіпкерлер туралы деректер 

Атауы
Жұмыспен қамтылған адам саны
1
ЖШС «Capital Projects LTD»
65
2
ЖШС«Мага»
4
3
ЖК «Төлеуова С»
3
4
ЖК «Тұрганбекова Г.А.»
2
5
ЖК «Төлегенова М»
2
6
ЖК «Василенко Л.А.»
2
7
ЖК «Баянкулова А»
2
8
ЖК «Фирстова Г»
2
9
ЖК «Мағзумов К»
1
10
ЖК «Тоқмамбетова»
1
11
ЖК «Абеуова С»
1
2. Болашақата атқарылатын іс шаралар:
Республика Үкіметі Жезқазған, Сатпаев қалаларын және Ұлытау ауданын дамытудың  2012-2017 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті. Осы жоспарда Кеңгір селосы бойынша 2 жоба қаралған.
Бірінші жоба бойынша Кеңгір селосындағы өз жұмысын тоқтатқан ескі құс фабрикасын қайта салу көзделген. Бастапқы кезде жаңа кәсіпорын бройлер етін өндіруге бейімделгенімен, қазіргі уақытта ол тұқымды инкубаторлық жұмыртқа өндіруге арналған орталық ретінде үстіміздегі жылдың 30 желтоқсанында ашылды. Өнеркәсіптік құс шаруашылығының асыл тұқымды орталығы жылына 18 млн дана асыл тұқымды инкубаторлық жұмырқта өндіру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта  инкубаторлық  цех, инкубациялық жұмыртқа қоймасы, жасанды ұрықтандыру зертханасы іске қосылды. Меже бойынша фабрика толық жобалық қуатына 2017 жылы жетеді. Жоба 6 жылдың ішінде өзін-өзі ақтайды деп күтілуде.Өнеркәсіпте 65 адам  жұмыс  істеуде, бұның  50 пайызы жергілікті тұрғындар.
Кеңгір селосында электр жарығын таратушы мекеме «Жезқазған Энергосбыт» акционерлік қоғамы. Электр жарығы тұрақты , толық көлемде таратылып отыр.
Телефон байланысын   «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамы  жүзеге асырады. Округ тұрғындарының  бірқатары  көпканалды цифрлық, спутниктік «Отау ТВ» антеналарын орнатып алды.
Тұрғындардың Жезқазған қаласына қатынауын «Транс Макс» Жауапкершілігі  Шектеулі  Серіктестігіне қарасты  №98 маршурттық  автобус  жүзеге асырады.
 Округке медициналык қызметті Жезқазған қаласында орналасқан емхана қызмет көрсетеді, бірақ селодағы бұрынғы ОДА ғимаратында тұрғындарға 1 дәрігер, 3 медбибі. 
Мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 15 тұрғын микронесие алды. Әлеуеті төмен елді мекендерден 36 отбасы  Жезқазған  қаласына  жұмысқа  орналастырып, жаңа салынған тұрғын үйлерден қызметтік пәтерлерге ие  болды.
Селода Ақсақалдар кеңесінің  қоғамдық жұмыстарға өз  үлестерін қосып келеді. Тұрғындарды қабылдау күнделікті жүргіліп отырады. Өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау» тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы   негiзделiп,  электронды арнайы бағдарламаға енгізіліп, жауабы өтініш иесіне жазбалай беріледі Әкімшілікте  сенім телефондары  жұмыс  істейді.
 
 
Осы селолық округтің жоғары айтылған мәселелерін  шешу үшін  2014 жылғы бюджетінде  бірінші орында әлеуметтік сфераны дамыту мақсатында 1 млн 605 мың теңге қаражат қарастырылып отыр, оның ішінде;
- көшелерді жарықтандыруғакететін шығындар  -     1 млн 092 мың теңге
- көше жарықтарын пайдалану және күтіп ұстауға
  кететін шығындар –                                                       513 мың теңге;
- Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру
жәнесанитарлық тазалау   жұмыстарына –                  2 млн 803 мың теңге.
-  автокөлік жолдарды  жазғы-қысқы маусымда
    күтіп  ұстау  шараларына-                                            1 млн.теңге.
- Өңірлерді дамыту Бағдарламасы аясында-     1 млн.312 мың теңге қаражаттар қарастырылды.
 
 Село әкімдігі «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша ауылдық елді мекендерді дамытуға арналған ағымдағы мақсатты трансферттерден қаржы бөлуге тапсырыс берген болатын, нәтижесінде 58 миллион 124 мың теңге қаржы бөлініп,селоның  бес көшесі асфальтталатын  болды. Бұл жұмыстардың ұйымдастырушы Жезқазған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығығ жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі .
 
 
           Село әкімі мен оның аппараты өз өкілеттіктеріне  сәйкес тұрғындарды әлеуметтік  қорғау  шараларын жүзеге  асыруға, жұмыспен қамтуға, аз қамтылған  отбасыларын анықтап, олардың есебін жүргізуге, оларды қолдауға көңіл бөледі, бұл мәселелерге биылғы  Елбасы  Жолдауында да айрықша  мән берілгендігі  белгілі.
  
 
ҚОРТЫНДЫ
 
 
 
         Н.Ә.Назрабаев өз сөзінде былай деді:Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет. Бұл «Нұр Отан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналады деп сенемін.
         Ол үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің өздері Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін терең ұғуға тиіс.
         Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің бүкіл құрамының, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы барлық осы міндеттерді орындауға бағытталуға тиіс. Жалпы, мемлекеттік органдардың құрылымы алдағы міндеттердің шешімімен үйлесім тауып, 2050 Стратегиясының мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі керек.
Бүгінде халық алдында әр бір мемлекеттік қызметкерлердің жауаптылығы ерекше, сондықтан біздің міндет ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, мәселелерін  шешуге көмектесуіміз керек.   Сөзімнің соныңда мен ауыл тұрғындарын өзекті мәселерді шешуге белсене қатысуға, билік  органдарының  жұмысына оң ықпал етуге, ұсыныстар беруге, ҚР Жолдауында айтылған тапсырмаларды халыққа жеткізуге, белсенді позиция ұстауға шақырамын.